ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ «РАМАЗАН СЫЙЫ» ҮЛЕСТІРІЛДІ (ФОТО)

11 наурыз 2025 255 0
Оқу режимі

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен бастау алған «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде жалғасын тапты.

«Рамазан айында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесу – үлкен сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады...» – деген. Осыған байланысты біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай қасиетті Рамазан айынан бастап еліміз бойынша «35 мың азық-түлік себетін тарату» акциясын қолға алдық. Игі жоба жыл бойы жалғасады. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі» деген болатын, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру