ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНІҢ ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

24 маусым 2023 1535 0
Оқу режимі

Барша мұсылман жұртшылығына қасиеті ерекше Құрбан айт мерекесі қарсаңында ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі бойынша дайындық жұмыстарын пысықтау жиыны өтті.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен алқалы жиынға елорда мешіттерінің бас имамдары мен жауапты өкілдері қатысып, Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстарын талқылады.

Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы Құрбан айт кезіндегі құлшылық ордаларындағы жалпы тәртіп пен тазалықтан бастап, айт намазының оқылуы, мешіт ауласындағы мерекелік іс-шаралар және «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы атқарылатын құрбандық шалу жұмыстары бойынша дайындық жұмыстарын тыңдап, әр бағыт бойынша жауапты қызметкерлерді бекітті.

Айта кетейік, ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі биылғы жылы «Раббың үшін құрбан шал!» акциясын  «Шанхай», «Бәракат», «Жайлау», «Ұлжан»  және «Шопан ата» базарларында өткізетін болмақ.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру