Елорда өкілдігі бойынша Құран жарысына іріктеу өтеді (ХАБАРЛАНДЫРУ)

07 қазан 2020 4053 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Елорда қариларының арасында Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ Республикалық Құран жарысына іріктеу өткізіледі. Сайысқа қатысушылар өз білімдеріне сәйкес 4 аталым (номинация) бойынша өз бақтарын сынай алады: «10 пара», «20 пара», «30 пара» және «Мәнерлеп оқу».

Қатысу шарттары:

  • ҚР азаматы болуы тиіс;
  • Жасы 30-дан аспаған болуы керек;
  • Өз номинациясы бойынша халықаралық, республикалық Құран жарыстарының жүлдегері болмауы тиіс.

Сайысқа қатысу туралы өтініштер 11 қазанға дейін қабылданады. Байланыс телефоны: 8 778 212 11 61 (Әділхан Серікбай)

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру