Елорда өкілдігінің БАҚ қызметкерлеріне мерекелік шара ұйымдастырылды (ФОТО)

28 маусым 2021 3237 0
Оқу режимі

Бүгін, 28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің мерекесіне орай ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша Баспасөз саласының мамандарына арналған мерекелік жиын ұйымдастырылды. Шаһар бас имамы Ерболат Жүсіпов Елорда өкілдігіне қарасты Muslim.kz, Ummet.kz, Sunna.kz сайттарының қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Алғыс хатын» табыстады.

Елорда өкілдігіне қарасты үш сайттың да бүгінгі таңда ғаламтор бетінде өзіндік орны мен оқырманы қалыптасқанын, бұл жетістікке сайттағы барша ұжымның – журналист пен оператордың, монтажер мен дизайнердің бірлесе атқарған еңбегінің арқасы екенін атап өткен Бас имам өз ризашылығын білдірді.

Жиын соңынан қызметкерлерге арнайы мерекелік дастархан жайылып, өкілдік тарапынан құрмет көрсетілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру