ЕЛОРДАДА КӨНЕ ТҮРКІ КІТАПТАРЫН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

28 ақпан 2023 1761 0
Оқу режимі

Бүгін Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылғы бағдарлық баяндамасында тапсырған, классикалық діни түркі кітаптарын оқыту курстарын ашу мәселесін талқылау жиыны өтті.  

ҚМДБ Астана өкілдігінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы осы тапсырмаға сай көне түркі тілінде жазылған кітаптарды ұстаздар арасында, сондай-ақ, жамағат пен тұрақты шәкірттер арасында оқыту жөнінде сөз қозғап, бірқатар мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда, «Устади әууәл», «Ғибадатул исламия»,  «Сабатул ажизин», сонымен қатар, Шәкәрім Құдайбердіұлының  «Мұсылмандық шарты» мен ҚМДБ баспасынан жарық көрген  «Тұғырма» кітаптарын жалпы жамағатқа оқыту мәселесі қозғалды.

Мешіт имамдары өздерінің тәжірибелік білімдерімен бөлісіп, төте жазудың оқылуын, жазылу үлгілерін таныстырды.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру