ЕЛОРДАДА «ЖАҺАНДАНУ ЗАМАНЫНДАҒЫ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

22 қараша 2023 922 0
Оқу режимі

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Елорда имамдарының білімін жетілдіруге бағытталған «Жаһандану заманындағы ислам мәдениеті» семинарын өткізді. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ғимаратында ұйымдастырылған айтулы шараға Елорда мешіттерінің имамдары мен ұстаздары қатысты.

Аталмыш семинарға Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы, ҚР МАМ Дін істері комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының басшысы Нұрмұханбетов Мейіржан Ерланұлы және ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы шақырылып, баяндамалық дәрістер жүргізді.

Шара соңында қатысушыларға Орталықтың тарату материалдары және Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Бердалиев Исатай Тұрғанәліұлының «Әл-Ихтияр» атты еңбегі таратылды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру