ЕЛОРДАДА ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

20 желтоқсан 2025 145 0
Оқу режимі

Елордада өткен Астана қаласы өкілдігінің жылдық қорытынды жиынында жыл бойы қажырлы қызмет атқарған дін қызметкерлері марапатталды.

Жиын қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов 2025 жылдың маңызды жайттарына тоқталды. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханов осы жылы атқарылған негізгі жұмыстарды баяндады. Оның ішінде ҚМДБ бекіткен «Ислам және отбасы құндылығы» жылына орай елорда мешіттеріндегі жұмыстар, одан бөлек өкілдіктің өз жоспары, сонымен қатар бекітілген бірқатар маңызды іс-шаралардың орындалу барысы айтылды.

Жиын соңында қала Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы жыл бойы қажырлы қызмет атқарған дін қызметкерлерін марапаттады. Одан бөлек мешіт тазалықшысы, өкілдікке қарасты баспасөз және медиа бөлімінің мамандары да назардан тыс қалмады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру