Елордадағы «Ғылмани» мешітіне жаңа Бас имам тағайындалды (ФОТО)

15 қазан 2021 586 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. Жұма намазына жиылған жамағатқа қала бас имамы Ерболат Жүсіпов Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып беріп, бүгіннен бастап құлшылық ордасының Бас имам қызметіне тағайындалған Байзақов Руслан Нақыпбекұлын таныстырды.

Елорда жамағатына бұрыннан таныс Руслан Нақыпбекұлының бұған дейін Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты «Нұр Астана», «Әр-Рахман» мешіттерінде жемісті еңбек атқарғанын атап өткен Ерболат Нұрылдаұлы жаңа қызметіне сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдірді.

Байзақов Руслан Нақыпбекұлы 1989 жылы 1 наурызда Түркістан облысында дүниеге келген.

Білім деңгейі: 
Жоғары

2021 жылы Әл-Азхар университетінде  Имамдардың білімін жетілдіру курсынан өтті.

Жұмыс өтілі:

2012-2013 жылдары Қарағанды обылысы, Саран қаласының, Саран орталық мешітінде наиб имам;
2013-2016 жылы Алматы қаласындағы «Фатима» мешітінің наиб имамы;
2016-2019 ж Нұр-Сұлтан қаласы, «Нұр-Астана» мешітінің наиб имамы;
2019 жылдан бастап «Ар-Рахман» мешітінің Бас имамы қызметін атқарып келген.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру