ЕЛОРДАДАҒЫ «КӨКТАЛ» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ АУЫСТЫ (ФОТО)

03 наурыз 2023 3039 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы Көктал мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. Жұма намазына жиылған жамағатқа «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев жұма уағызын жүргізіп, жаңадан тағайындалған бас имам Ережепов Сәбит Әзімбекұлын таныстырды.

Жамағат алдында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, Сәбит Әзімбекұлына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Көктал мешітінің бас имамы қызметін атқарып келген Отаров Ілияс имамға жамағат атынан алғыс білдірді.

Ережепов Сәбит Әзімбекұлы – Астана жамағатына баяғыдан етене таныс дін қызметкерлерінің бірі. Астана қаласына 2010 жылы ауысып келген бұған дейін Елордадағы бірнеше құлшылық ордасында жемісті қызмет атқарған.

Білімі:

1993 жылы Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы «Сайд Мухиддин Махдум» медресесін тәмамдаған.
2006-2010 жылдары «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде имам хатиб мамандығы бойынша білім алған.
2005 жылы Алматы имамдар ислам институында білім жетілдірген.
2016 жылы Түркия Республикасы, Болу қаласындағы 2 айлық білімін жетілдіру курсына қатысқан.

Еңбек жолы:

1999 жылы Тараз қаласындағы «Әулие ата» мешітіне қарасты медреседе ұстаз;
2001 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ елдімекенінде бас имам;
2010 жылы Астана қаласы «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің найб имамы;
2016 жылы Астана қаласы «Шейх Кунта қажы» мешітінің найб имамы;
2018 жылы «Шейх Кунта қажы» мешітінің бас имамы;
2021 жылдан бері «Әлжан ана» мешітінің найб имамы, бас имамы қызметтерін атқарған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру