Елордалық әйел ұстаздар қарияларды құттықтап қайтты (ФОТО+ВИДЕО)

01 қазан 2020 3761 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Елордамыздағы қарияларға құрмет көрсетіліп, ұстаздар қауымы арнайы зиярат жасап қайтты. Бүгінгі мереке – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтап, гүл шоқтарын таратып, гүлдей жұпарлы ізгі тілектерімен тосыннан келген мешіт ұстаздарының бүгінгі шарасы қарияларға қуаныш сыйлап, көңілдерін көтере түсті.

Арнайы тізім бойынша ақсақал аталарымыз мен абзал апа-әжелерімізді аралап, мешіт ұстаздары бұған қоса азық-түлік сөмкелерін табыстап, қарияларға құрметпен қатар қайырымдылық жылуын қоса үлестірді.

Айта кетейік, Елорда мешіттерінің әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен басталған бүгінгі шара алдағы апта бойы жалғасын табатын болмақ.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру