ЕЛОРДАЛЫҚ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМІР ҮЛЕСТІРІЛДІ (ФОТО)

14 ақпан 2026 34 0
Оқу режимі

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіповтің қолдауымен өкілдікке қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры «Жылу сыйла» акциясын өткізіп, мұқтаж отбасыларға 60 тонна көмір үлестірді.

«Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай игі істің басы-қасында жүріп, қайырымдылық іс-шарасының жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

Қыс мезгілінде отын мәселесі әлеуметтік жағдайы төмен жанұялар үшін аса өзекті. Осыған орай өкілдік тұрмысы төмен отбасыларды қолдап, ызғарлы күндерде үйлеріне жылу сыйлауды мақсат етті.

Акция барысында көмекке зәру деп танылған жанұялар қажетті отынмен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ қатысушыларға ыстық шай мен бауырсақ ұсынылып, ақжарма тілектер айтылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру