ЕЛОРДАНЫҢ «С» САНАТЫНДАҒЫ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ (ФОТО)

26 қыркүйек 2025 984 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен республика көлемінде имамдар мен дін қызметкерлері арасында біліктілікті арттыру емтихандары өткізіліп жатқаны белгілі. Бұл жолы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мешітінде «С» санатындағы елордалық дін қызметкерлері білімін сынақтан өткізді.

Айта кетсек, бұған дейін имамдардың діни білімін жетілдіру мақсатында арнайы біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылған болатын. Онда Құран ілімі, фиқһ негіздері мен шариғат ғылымдары тереңірек түсіндірілді. Бүгін сол курсты тәмамдаған бірқатар дін қызметкерлері алған білімдерін сынақ тапсыру арқылы көрсетті.

Емтихан барысында қатысушыларға Құран оқу машығы, діни білім деңгейі мен жамағатпен жұмыс жүргізудегі тәжірибесі бойынша сұрақтар қойылды. Сынақ нәтижелері имамдардың санаттық дәрежесін айқындауға негіз болады.

Емтиханның негізгі мақсаты – имамдардың діни білімін жетілдіру, кәсіби деңгейін арттыру және жамағатқа сапалы діни қызмет көрсетуге жағдай жасау. Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру