Ережеп айының құрметіне қайырымдылық шара ұйымдастырылды (ФОТО)

09 наурыз 2019 8008 0
Оқу режимі

Есігімізден енген қасиетті Ережеп айының құрметіне орай Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінде бүгін қайырымдылық шарасы өткізілді. «Қайырымдылық – қайырлы іс» акциясы аясында ұйымдастырылған қамқорлыққа Елордамыздағы 50 мұқтаж отбасы қамтылды. Күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктен бастап, сүт, май, тұз секілді барлық өнімдер толтырылған «қайырымдылық сөмкесі» жиылған жамағаттың ризашылығын тудырып, мейірімге толы мешіт қызметкерлерінің сөзі жандарын жадыратты.  

Мешіт бас имамы Яхия Абдоллаұлы жиылған жамағатқа Ережеп айының қадір-қасиеті жайында айта келіп, сауапқа толы бұл айды жақсы амалдармен өткізіп, мейірімді болуға үндеді. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған шараның негізгі мақсаты да қоғам арасында қайырымдылық дәнін көктетіп, бір-бірімізге бауырмал болуға шақыру екенін атап өтті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру