Ершат Ағыбайұлы оқырман сауалдарына жауап береді

18 қараша 2020 3239 0
Оқу режимі

«Call-орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының кезекті эфирі дін мен дәстүр тақырыбына арналмақ.

Ертең, яғни, 19 қараша сағат 15:00-де Діни ақпарат беру орталығының арнайы қонағы ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, исламтанушы-ғалым Ершат Ағыбайұлы тікелей эфирде оқырман сұрақтарына жауап береді.

Эфирді @muftiyatkz парақшасынан тамашалап, «Дін мен дәстүр» апталығына орай осы тақырыпқа қатысты көкейде жүрген сауалдарыңыз болса, Call-орталықтың 8 7172 33 30 30 нөміріне хабарласып қоя аласыздар. Сондай-ақ сауалдарды direct-ке жолдауға да мүмкіндік бар.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру