Ерсін Әміре оқырман сауалдарына жауап берді (ФОТО)

09 қазан 2020 868 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Алматыдағы «Төле би» мешітінің бас имамы, елімізге белгілі исламтанушы-ғалым Ерсін Әміре «Call-орталықтағы сұрақ-жауап» айдарында қонақ болып, оқырман сұрақтарына жауап берді.

Діни басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасында «Ауырмайтын жол ізде» тақырыбында өткен тікелей эфирде Ерсін Бекайдарұлына көпшіліктің денсаулық, тән мен жан саулығына қатысты сауалдарынан бөлек отбасы, құлшылық-ғибадатқа қатысты сауалдар да қойылды. Эфир бастала салысымен Call-орталықтың телефонына тыным болмады. Әрі қоңырау шалып, әрі эфирді тамашалап отырған көрермен қауым сұрақтарына тұшымды жауап берген Е.Бекайдарұлына алғыстарын айтып, жылы лебіздерін жеткізгенін ерекше атай кеткен жөн.

Қысқа уақытта неке және талақ мәселесіне, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына қатысты сұрақтардың көп қойылуы қоғамдағы отбасылық проблемалардың күйіп тұрғанын байқатса керек. Бүгінгі эфирдің толық нұсқасын осы сілтеме арқылы тамашалай аласыз.

«Call-орталықтағы сұрақ-жауап» жобасы алдағы уақытта тағы да жалғасады. Ал ҚМДБ діни ақпарат беру орталығының нөмірі 8 (7172) 33 30 30 екенін тағы да еске саламыз.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру