ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ ЖАҢА ПӘТУАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

27 желтоқсан 2022 2528 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХXVІ мәжілісінде бірқатар жаңа пәтуалар қабылданды.

Атап айтқанда, «Көлікті көлікке айырбастау (бартер) үкімі», «Сақтандыру қызметі туралы үкім», «Меншігінде жоқ затты сатудың үкімі», «Электронды темекіні қолданудың үкімі», «Сюцай жүйесінің шариғи үкімі» пәтуаларының мәтіні бекітілді.

Басқосуда «ҚМДБ-ның діни және ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы рөлі», «РАНТ және ЖАНТ мүшелеріне арналған тұғырнама» құжаттары мен мешіт салу тәртібі, мешіттерде намаздан (бес уақыт, жұма) кейін жамағатпен бірге атқарылатын амалдар секілді ережелердің мазмұны мақұлданды. Сондай-ақ жиында ҚМДБ-ның 2023 жылы атқаратын негізгі іс-шаралары пысықталды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ғұламалар кеңесінің ХХXVІ мәжілісін қортындылап, кеңес жұмысына табыс тіледі.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру