«Ғылмани» мешітінде 30 отбасыға көмек берілді (ФОТО)

19 желтоқсан 2020 2528 0
Оқу режимі

Бүгін Елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 30 отбасына азық-түлік таратылды.

Тәуелсіздік – ата-балаларымыздың неше ғасырлық арманы, Алла Тағаланың халқымызға берген зор нығыметі. Барша алаш баласының асыл құндылығы. Сондықтан да, бұл күнге жеткізген Аллаға шүкіршілік білдіріп, жан-жағымызға қамқорлық таныту мақсатында мешіттің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Шара мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруында, жомарт жанды демеуші азаматтардың қолдауымен өткізілді.

Қайырымдылық шарасы аясында көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасына күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік үлестірілді.

Дереккөз: «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі.

Пікірлер Кіру