ИГИШ басшысының қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды

24 қыркүйек 2018 6484 0
Оқу режимі

Таяу Шығыс елдерінің баспасөз құралдары таратқан ақпаратқа сәйкес, ИГИШ террорлық ұйымының басшысы Абу Бакр әл-Бағдадидың қатерлі өкпе ісігіне шалдыққаны белгілі болып отыр. БАҚ өкілдері бұл ақпаратты Ирак әскери күштеріндегі сенімді дереккөз жеткізгенін айтады.

Қазіргі уақытта лаңкестер ұйымының басшысы төсекке таңылып, өлім сағатын күтумен жатқан көрінеді. Ал, қарақшылардың басқа басшылары арасында жаңа қожайындарын таңдау жұмыстары басталып та кеткен. Тіпті, оның есімін жақын арада жариялайтын да болмақ.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру