Имам Матуридиге қатысты сұрақтарға жауап береді

11 ақпан 2021 3216 0
Оқу режимі

«Call-орталықтағы сұрақ-жауап» биыл да жалғасады. Ертең, сағат 11:00-де ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі және Ғұламалар кеңесінің мүшесі, исламтанушы-ғалым, Смайыл Сейтбеков тікелей эфирде оқырман сауалына жауап береді.

Діни ақпарат беру орталығында өтетін эфир барысында оқырман қауым «Матуриди апталығына» орай Имам Әбу Мансұр әл-Матуридидің өмірі мен еңбек жолы, мәзһабына қатысты сұрақтар қоя алады.

Сондай-ақ 13 ақпан қасиетті Ережеп айының басталуына орай оған да қатысты сауалдарды телефон арқылы немесе Instagram парақшамызға эфир кезінде қоюға мүмкіндік бар. Діни ақпарат беру орталығының байланыс нөмірі – 8 71 72 33 30 30, Мүфтияттың Instagram парақшасы – @muftiyatkz.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру