Имамдар форумы аймақтық семинарға ұласты (ФОТО)

29 қазан 2019 6122 0
Оқу режимі

Жуырда ғана Елордамызда өткен III республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды таныстыру, сонымен қатар оны насихаттау мақсатында Шымкент қаласының орталық мешітінде арнайы семинар ұйымдастырылды.

Семинар жұмысын Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев жүргізді. Сондай-ақ, өкіл имам орынбасарлары Мұхамеджан Естеміров, Нәзірхан Тасходжаев, Дастан Желеуовтер қабылданған «Дін қызметкерлерінің атқаратын діни рәсімдері тізілімі», «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы», ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттер» құжатын жан-жақты таныстырып, баяндады.

«Форум барша дін қызметкерін, халқымызды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, туған жерді көркейтуге, жаңашыл ойлап, қоғам үшін игі іс жасауға, өне-бойымыздағы рухани құндылықты жаңғыртуға үндеді. Рухани тұғырнама – кезең-кезеңімен атқарылып жатқан елдегі рухани реформалардың жалғасы іспетті дүние. Бұл, әсіресе біздің қазіргі қоғамға, соның ішінде жастар өкілдеріне аса қажетті дүние болып отыр», - деді Бас имам Б.Қыдырбайұлы.

Сонымен қатар, форумда қабылданған құжаттарды кеңінен насихаттау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленуде.

Айта кету керек, семинар жұмысына Шымкент қаласындағы барлық мешіт имамдары қатысты. Сондай-ақ, қатысушыларға форумда қабылданған үш құжаттың электрондық нұсқасы берілді.


 

Пікірлер Кіру