ИМАМДАР СЕМИНАРЫ: «ШАҒАТАЙ, ТҮРКІ КІТАПТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ» (ФОТО)

05 қараша 2025 304 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елордалық дін қызметкерлеріне «Шағатай, Түркі кітаптардың ерекшелігі» тақырыбында семинар өтті.

ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов семинар барысында шағатай және түркі тілдеріндегі діни кітаптардың тарихы, ерекшеліктері мен ғылыми-құндылықтары туралы кеңінен баяндады.

Хасан Ташайұлы тарихи мұралардағы жазба дәстүрлер, тілдік ерекшеліктер мен діни мазмұнның қалыптасу жолдары жайында нақты мысалдар келтірді. Имамдарға осы кітаптарды зерттеу, діни сабақтарда тиімді қолдану және жастарды рухани-әдеби мәдениетке баулу бойынша ұсыныстар берілді.

Ғылыми басқосу соңында қатысушылар тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, өз ойларын білдіріп, тәжірибе алмасты. Белсенді қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру