«Иман» журналы шығармашылық байқау жариялайды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты айына 1 рет жарық көретін діни-танымдық «Иман» журналы «Ата-анаңды аяла» атты шығармашылық байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты – қазіргі қазақ қоғамында отбасылық, имандылық және ұлттық құндылықтарды насихаттау, журнал оқырмандарының шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқаудың шарттары:
– Байқауға ата-ананың құрметі тақырыбына қатысты еш жерде жарияланбаған ғибратты, әсерлі әңгімелер мен эсселер жіберіледі.
– Шығармашылық жұмыстар Word файлы түрінде қабылданады. Мақала көлемі Times New Roman шрифтімен 14 кегль өлшемінде, біртекті (одинарный) интервалмен теріліп, жалпы көлемі 4 беттен аспауы тиіс.
– Жұмыстар ұйымдастырушының мекен-жайына (Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 16) және iman-kz@mail.ru электронды поштасына – «Байқауға» айдарымен жолдануы тиіс.
– Бір қатысушы бір номинацияға тек бір материал ғана жібере алады.
– Материалдар тек қазақ тілінде қабылданады.
– Қатысушылар шығармашылық жұмыстарға өздерінің толық аты-жөнін, телефон нөмірін, мекен-жайын, электронды поштасын және өздері туралы қысқаша мәліметті қосып жазып, iman-kz@mail.ru электронды поштасына жіберуі керек.
Байқаудың міндеттері
– Ата-ананың құрметін ұлықтау;
– Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту;
– Мұсылман отбасының мәртебесі мен рөлін арттыру,
– Имани һәм ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
– Зерттеушілердің ізденісін дамыту;
– Ізденушілерге кәсіби мотивация беру.
Байқау талаптары:
– Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2022 жылдың 25 мамыр күні аяқталады.
– Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін, байқау шарттарына сай келмейтін материалдар байқауға қабылданбайды.
– Шығармашылық жұмыстардың мазмұны жобаның атауына («Ата-ананы аяла») сай болуы керек.
Байқау барысы:
– Үздік әңгімелер мен эсселер «Иман» журналына жарияланады.
– Жеңімпаздарды кәсіби журналистер мен діни мамандардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.
– Жеңімпаздар 2022 жылдың маусым айында Алматы қаласында өтетін қорытынды шығармашылық марапаттау рәсімінде марапатталады.
Байқауға қатысу үшін ұсынылған жұмыстар:
Объективтілігіне;
Креативтілігіне;
Мазмұнына;
Көркемдігіне;
Сапасына;
Өзектілігіне;
Толымдылығына;
Шынайылығына және т.б. сипаттарына қарай бағаланады.
Жүлде қоры
І орын (250 мың теңге)
ІІ орын (150 мың теңге)
ІІІ орын (100 мың теңге)
Ынталандыру сыйлықтары (70 мың теңгеден үшеу)
Ұйымдастырушылар:
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және діни-танымдық «Иман» журналы.
Толық ақпаратты +7 778 948 74 10 нөмірі арқылы біле аласыздар. (Сұрақтарыңызға дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-18.00 аралығында жауап беріледі)
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі