Индонезияда коронавирустан көз жұмғандар саны азаймай тұр

03 қыркүйек 2020 1240 0
Оқу режимі

Күллі әлем жұртын дүрліктірген коронавирус індетінен көз жұмғандар саны Индонезия мемлекеті бойынша азаймай тұр. Covid-19 вирусына қарсы жұмыс тобының мәліметі бойынша, елдегі жағдай әлі әлемдік орта көрсеткіштен жоғары. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы келтірілген көрсеткіштерге сүйенсек, әлем бойынша Covid-19 вирусынан қайтыс болғандар саны 3,3% пайызды құраса, Индонезияда өлім-жітім көрсеткіші 4,2% пайызға жеткен.

«Индонезия мемлекетінің өте үлкен екенін естен шығармауымыз қажет. Әлемдегі халық саны бойынша төртінші орында. Осыған байланысты, медициналық қауқарымызды да шамалау қажет», – делінген Covid-19 вирусына қарсы жұмыс тобының баяндамасында.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру