ИРАНДЫҚ КАЛЛИГРАФИЯДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ (ФОТО)

27 сәуір 2023 1517 0
Оқу режимі

 

Астана төріндегі «Әзірет Сұлтан» мешітінде Ораза айт мерекесіне орай ирандық каллиграфиядан шеберлік сабағы мен қолөнер туындыларының көрмесі өтті.
Ирандық каллиграф Мүслім Саққо мен Абдолхамид Ебрахимнің қатысуымен өткен шеберлік сағатының мақсаты – Иран мәдениетін қазаққа таныстыру, екі елдің мәдени байланысын нығайту және парсы каллиграфиясы мен қолөнеріне қызығушылықты ояту.
Көрмеге жиналған жамағат ирандық қолөнер шеберлеріне каллиграфияға қатысты сұрақтарын қойып, тың ақпараттармен танысты.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру