«ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» ЖЫЛЫ: «КӨКТАЛ» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТПЕН ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

02 ақпан 2026 87 0
Оқу режимі

«Көктал» мешітінде жамағатқа биылғы жыл «Ислам және адал қоғам» жылы ретінде таныстырылды. Осыған орай түсіндіру жиыны ұйымдастырылды.

Онда имамдардың қызметі төрт бағыт бойынша жүзеге асырылатыны айтылды: «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Дәстүр және отбасы», «Жат діни ағымдардан сақтандыру».

Жиында әр бағыттың мазмұны қысқаша түсіндірілді. «Ихсан және насихат» аясында рухани тәрбие мен көркем мінез қалыптастыруға мән берілетіні хабарланды.

«Діни оқу-ағарту» бойынша діни сауаттылықты арттыруға арналған дәрістер ұйымдастырылады. «Дәстүр және отбасы» бағыты ұлттық құндылықтарды насихаттау мен отбасы тәрбиесіне қатысты мәселелерді қамтиды. Ал «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты теріс идеологиялардың алдын алуға бағытталады.

Пікірлер Кіру