«Халал даму» директоры радиоға сұхбат берді (ФОТО)

08 желтоқсан 2020 3057 0
Оқу режимі

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы отандық әуе толқындары «Qazaq» және «Shalqar» радиоларына сұхбат берді.

Көзқарақты оқырман мен ас-ауқатының адалдығына алаңдатушылық танытқан тұтынушылардың сұрауы бойынша «Отандық халал индустриясының хал-ахуалы» төңірегіндегі мәселелер және «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымының жұмысы мен жетістіктеріне тоқталып, сұрақтарға жауап берді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Халал Даму» ұйымының халал индустриясы саласында қызмет еткеніне 7 жылдай уақыт болды. Аз ғана уақыт ішінде халал өнім тұтынушылар мен жалпы халықтың көңілінен шығып, еліміздегі ең сенімді деген халал стандарттау және сертитфикаттау ұйымына айналды.

Халал – бизнес немесе ақша табу алаңы емес. Бұл – шариғатымызда бекітілген, қасиетті Құран Кәрімде айтылған, Алланың талабы. Еліміздегі күллі мұсылманның қара шаңырағы Діни басқарманың халал саласындағы ұстанымы – адалдық, халыққа адал қызмет ету. Осы жолда әлемдік, халықаралық, отандық деңгейде біраз жұмыстар атқарылды. Еңбегіміз халық көңілінен шығып, ізгі бастаманың жаршысы болды. Әлі де даму үстіндеміз, дамуымызды тоқтатпаймыз. Бұдан да биік белестерді бағындырамыз деп сенемін» деді Айбек Асқарбекұлы сұхбатында.

Пікірлер Кіру