«Халал даму» директоры сұрақтарға жауап береді

24 қыркүйек 2020 296 0
Оқу режимі

«Call-орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының кезекті эфирі еңбек апталығына орай адал нәпақа табу тақырыбына арналмақ. Бейсенбі, 24 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» директоры Айбек Аташев «Халал ас – арқауың» тақырыбында сұрақтарға жауап береді.

Тікелей эфирде астың адалдығымен бірге адал жолмен пайда табудың маңызы және халал төңірегіндегі мәселелер сөз болады. Тақырыпқа сай сұрақтарыңыз болса, +7 (7172) 33-30-30 телефон нөміріне хабарласып қоюға болады және тікелей эфирді ҚМДБ-ның инстаграмдағы muftiyatkz парақшасынан тамашалай аласыздар. Сауалдарды direct-ке жолдауға да мүмкіндік бар.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру