Халал Даму: Шымкенттегі кәсіпорындар тексерілді

21 қыркүйек 2022 3384 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Шымкент облысына іс-сапары барысында өңірдегі бірқатар халал кәсіпорындар өндірісі мен қызметі тексерілді. Қыркүйек айының кезекті айлық аудит жұмыстарына технолог Аружан Аралбай мен жергілікті инспектор-контролер Қазбек Сарыбаев та қатысты.

Тексеріс барысында өңірдегі «Нәрлен» шұжық цехы мен жұмыртқа өндірісі, «Ордабасы құс», «Шымкент құс» фабрикалары, Сарыағаштағы «Makı-Makı» фаст-фуд желісі, «Nurtau Dıstrıbutıon» кәсіпорны, жергілікті «Magnum» сауда желісіндегі шұжық және ет сататын орындар жұмысы қадағаланды.

«Аудит аясында халал кәсіпорындар өндірісінің барлық процессі сүзгіден өткізілді. Бұның барлығы халал өнімді тұтынушылардың адалдық таңбасына сенімділігі үшін жүргізілуде. Халал кәсіпорындар мен сатылым орындары, сондай-ақ сатушылар мен сату ісін ұйымдастырушылар да халал талаптарын сақтауы тиіс. Сондықтан кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өндірістің бекітілген стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Апталық аудит жұмысы жоғары деңгейде өтті. Себебі, кәсіпорындардағы халал стандарттың талап-тәртіптерін сақтауы көңіл қуантарлық. Сонымен қатар, мешіт қызметкерлері мен медресе шәкірттеріне арналып оқу-семинары ұйымдастырылды» – деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру