ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП СЫЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ АСТАНА ӨКІЛДІГІ ШАРА ӨТКІЗДІ (ФОТО)

14 ақпан 2024 396 0
Оқу режимі

2012 жылдан бері аталып келе жатқан 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Astana Mall сауда орталығында шара ұйымдастырды. «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері атаулы мейрамға орай сауда орталығының келушілеріне ізгі тілектерін білдіріп, кітаптар тарту етті.

Атап айтқанда, сауда орталығының келушілеріне Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Бейімбет майлин, Бауыржан Момышұлы секілді қазақ әдебиетінің шоқ жұлдыздарының жауһар туындылары сыйға берілді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру