ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ ҚАРИЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ КЕЛДІ (ФОТО)

30 қазан 2023 1302 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ұлттық мереке – Республика күніне орай тұңғыш рет өтетін І халықаралық Құран жарысына қатысушы қарилардың алғашқы легі келді.

Астананың Халықаралық әуежайынан жарыстың құрметті қонақтары – Құран Кәрімді толық жаттаған қариларды Діни басқарма қызметкерлері мен қала имамдары қарсы алды. Бүгін Өзбекстан мен Қырғызстан, Тәжікстан мен Татарстан Республикаларынан, Сауд Арабиясы мен Марокко Корольдіктерінен қатысушы қарилар, сондай-ақ жарысқа қазылық ететін Біріккен Араб Әмірліктері мен өзбекстандық тәжірибелі қари-ұстаз келді.

Айта кетейік, екі күнге созылатын Құран жарысына 30-ға жуық мемлекеттің қарилары қатысады. Құран жарысы мүфтияттың төл «Munara TV» телеарнасынан, «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасынан, Діни басқарманың ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

​​Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі 

Пікірлер Кіру