ХАРАМ МЕШІТІНІҢ МҰНАРАЛАРЫ АЛТЫН ЖАЛАТЫЛҒАН ЖАРТЫ АЙМЕН БЕЗЕНДІРІЛДІ

03 қараша 2023 2504 0
Оқу режимі

Меккедегі Харам мешітінің аумағын кеңейту бойынша жасалып жатқан ауқымды бағдарламалардың бірі осы мешіттегі әл-Фатх қақпасына алтын жалатылған үлкен жарты айды орнату жұмысы аяқталды. siasat.com Saudi Press Agency (SPA) агенттігі хабарлағандай, бұл Рамазан айында қажылардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету  мақсатында жасалып отыр.

Харам мешіті мен Пайғамбар мешіті істері жөніндегі бас басқармасы барлық мұнараларға жарты ай таңбаларын орнатуды аяқтады. Енді Харам мешітінің 13 мұнарасының әрқайсысы алтын жалатылған жарты айлармен безендірілді. Олардың биіктігі 9 метр, ені 2 метр. Ағымдағы жылдың маусым айында мешіттің негізгі кіреберісі болып табылатын Король Абдулазиз қақпасының мұнараларына екі жаңа жарты ай орнатылған болатын. 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру