«ХАСЕКИ» ИНСТИТУТЫНА ҚАБЫЛДАНҒАН ШӘКІРТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

17 шілде 2024 608 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы келісімге сәйкес биыл Алматыда 2024-2025 оқу жылына «Хасеки» институтына қабылдау емтиханы өткен болатын. Емтихан нәтижесі бойынша 24 үміткер арасынан 13 шәкірт Түркияның «Хасеки» институтына оқуға қабылданды.

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында наиб мүфти Ершат Оңғар оқуға қабылданған шәкірттермен кездесіп, білім жолындағы үлкен қадамдарына сәттілік тіледі. Кездесуге Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл қатысты. Наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының ізгі ниетін жеткізе келе, Бас мүфтидің Бағдарлық баяндамасында көтерілген сапалы діни мамандарды даярлау мәселесін сөз етіп, шәкірттерді сапалы білім алуға шақырды. Сонымен қатар еліміз бен жеріміздің игілігі үшін аянбай қызмет етуге үндеді. Наиб мүфти білім жолына шыққан 13 шәкіртке дұға жасап, ізгі тілегін білдірді.

Айта кетсек, 2013 жылдан бері Түркиядағы «Хасеки» институтын 139 шәкірт тәмамдаған болатын.

Пікірлер Кіру