«КӨКТАЛ» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТ АРАСЫНДА ВИКТОРИНАЛЫҚ ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

12 наурыз 2026 97 0
Оқу режимі

«Көктал» мешітінде жамағат арасында викториналық ойын өткізілді. Танымдық іс-шара мешіттің Жастар секторының ұйымдастыруымен «Менің алғашқы оразам» тақырыбы аясында өтті.

Қасиетті Рамазан айы – мұсылмандар үшін рухани тазару, білімін арттыру және бір-бірімен жақындасатын ерекше кезең. Осы игі айда мешіт жамағаты арасында, әсіресе алғаш рет ораза ұстап жүрген жастар мен жамағат мүшелерін ынталандыру мақсатында танымдық викториналық ойын ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – Рамазан айының маңызын түсіндіру, діни білімді арттыру және жамағат арасындағы бауырмалдықты нығайту болды. Викториналық ойын барысында қатысушыларға ораза, ислам әдептері, пайғамбарлар тарихы және жалпы діни танымға қатысты түрлі сұрақтар қойылды.

Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін сынады. Іс-шара соңында белсенді қатысқан жамағат мүшелеріне арнайы сыйлықтар табысталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру