«КӨКТАЛ» МЕШІТІНІҢ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ «АЛЖИР» МУЗЕЙІНЕ БАРЫП ҚАЙТТЫ (ФОТО)

07 қазан 2024 686 0
Оқу режимі

«Ihlas» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Көктал» мешітінің әйел жамағаты Астанадағы «Алжир» музейіне барып қайтты.

Тарихқа үңіліп, экскурсия жасаған қыз-келіншектер мен ақ жаулықты аналарымыз қазақ әйелдерінің басынан өткен сүрең жылдар сұлбасын көріп қайтты.

«АЛЖИР» – «Отанын сатқандардың Ақмола лагері» – иә, тұтқын әйелдер оны осылай қалжыңдап атайтын. Мұнда этаппен 20 мыңнан астам әйелдер өткен, ал 8 мыңнан астам әйел «АЛЖИРде» «қоңыраудан-қоңырауға» дейінгі мерзімдерін отырып шыққан. Негізінен олар аттары Одақ көлеміне кеңінен танылған мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлерінің әйелдері еді.

Пікірлер Кіру