«КӨКТАЛ» МЕШІТІНІҢ «IHLAS» КЛУБЫ МӘУЛІТ АЙЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ (ФОТО)

03 қазан 2024 168 0
Оқу режимі

«Көктал» мешітінің ұстазы, «Ihlas» қыз-келіншектер клубының жетекшісі  Мухлиса Сайдуллақызының ұйымдастыруымен мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен көмек берілді.

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне ұйымдастырылып отырған қайырымдылық шарасының мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың сәл де болса ауырын жеңілдетіп, мұңын бөлісу.

Бәріміз білеміз қазір Пайғамбарымыз (Алланың оған игілі мен сәлемі болсын) дүниеге келген Рабиғул әууәл айы. Екі дүние сардарының қайырымдылығы мен жомарттығында шек жоқ еді. Қолындағы барын беріп болса да кісіні қуантуды қалайтын. Біз сондай пайғамбардың үмметіміз. Сол себепті аталмыш игі шараның Мәуліт айында ұйымдастырылып отырғаны да тегін емес екендігін айтып өтті, ұстаз Мухлиса Сайдуллақызы.

Пікірлер Кіру