КӨКТАЛ МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ФИЛЬМДІ ТАМАШАЛАДЫ (ФОТО)

27 маусым 2024 372 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты Көктал мешітінің «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында тәлім алып жатқан балалар кинопаркке арнайы барып «Ойжұмбақ 2» фильмін тамашалады.

Мешіт ұстазы Мухлиса Сайдулақызының ұйымдастыруымен өткен көңіл сергіту сағатында балалар мәз-мейрам болып фильм тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.

Айта кетсек, «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттерге Құран, әдеп дәрістерінен бөлек дін мен дәстүр бағыты аясында және қөлөнер бұйымдарын жасау бойынша түрлі сабақтар өткізіліп, әртүрлі спорттық сайыстар мен көңіл сергітер бағдарламалар ұйымдастырылып келеді.

10 адам және бала кескіні болуы мүмкін

теледидар және мәтін кескіні болуы мүмкін

8 адам, бала және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру