КӨКТАЛ МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІНЕ ҚОЛӨНЕР САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)
29 маусым 2024
1262
0
Оқу режимі
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты Көктал мешітінің «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында тәлім алып келе жатқан шәкірттерге дін мен дәстүр бағыты аясында қолөнер сағаты өтті.
Мешіт ұстазы Мухлиса Сайдуллақызының жетекшілігімен қыз балаларға тігін тігудің қыр-сыры үйретіліп, дәстүрлі өнердің бір парасы түсіндірілді. Айта кетсек, «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттерге Құран, әдеп дәрістерінен бөлек дін мен дәстүр бағыты аясында және қөлөнер бұйымдарын жасау бойынша да түрлі сабақтар өткізіліп келеді.
Пікірлер
Кіру