Мәмбет Қойгелді: Имамдар Алаш қозғалысына дем берді (ФОТО)

22 қазан 2021 2447 0
Оқу режимі

Алматы қаласында өткен «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ДІН ДҮРБЕЛЕҢІ»: КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ДІНГЕ ҚАРСЫ РЕПРЕССИЯЛЫҚ ШАРАЛАРЫ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелді онлайн қатысып, «Азаттық қозғалыстағы дін мен дін қызметкерлерінің орны» тақырыбында баяндама жасады.

«Дін – кез-келген ұлттың мәдениетінің қалқаны, қорғаны. Патшалық Ресей де, большевиктер де мұны жақсы білді. Сөйтіп дінге қарсы жұмыс істеді. Өйткені дін жайған имамдардың халық арасындағы беделі өте жоғары болды. Имамдар Алаш қозғалысына да дем берді. Мәселен, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» кітабына тыйым салынғанда имамдар оны мешіттерде қолдан көшіртіп, таратты. Сол үшін де олар кейіннен қудаланды» деді Мәмбет Қойгелді.

Тарихшы баяндамасында 30-жылдары ишандар ісі көтеріліп, сопы операциясы жүргізілгеніне арнайы тоқталды. Мәселен, большевиктер Шаянда мешіт-медресе ұстаған Аппақ ишанды қолға түсіріп, түрмеге қамап, ғұмырын қиғанын, тіпті ишанның үрім бұтағына дейін қудалағанын айта келіп, сопы операциясы арқылы көптеген дін қызметкерлерін аяусыз жазалағанын атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру