МӘУЛІТ АЙЫ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ҚҰРМА МЕН ЗӘМ-ЗӘМ СУЫ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

27 қыркүйек 2025 943 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт айына орай жамағатқа арнайы құрмет көрсетіліп, құрма мен Мәдинадан жеткізілген зәм-зәм суы таратылды.

Іс-шараға мешітке жиналған көпшілік ерекше қуанышпен қатысып, Мәуліт айының рухын сезінді. Мешіт имамдары Алла елшісі Мұхаммедтің ﷺ көркем мінез-құлқы, өмірінен өнегелі деректерді баяндап, жамағатқа салауат айтудың артықшылықтары туралы насихат айтты.

Жиналған жамағатқа үлестірілген құрма мен зәм-зәм суы – Пайғамбарымызға ﷺ деген сүйіспеншілікті арттырып, Мәуліт мерекесінің мән-маңызын айшықтай түсті. Әсіресе қасиетті зәм-зәм суынан дәм татқан жандар шарадан ерекше әсер алып, мерекелік рухты сезінді.

Айта кетейік, Мәуліт айы бойы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа арналған салауат кештері, уағыз-насихаттар мен түрлі рухани іс-шаралар жалғасын тауып келеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру