«Рахымқызы Раиса Ана» мешітінде Мәуліт кеші өтті (ФОТО)

21 қазан 2021 3291 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты «Рахымқызы Раиса Ана» мешітінде «Мәуліт мерекесі құтты болсын, жамағат» атты рухани кеш болып өтті.

Бата берумен басталған игі шарада қасиетті Құран аяттары мен Бәрзәнжи Мәуліті оқылды. Сүйікті елші, көзіміздің нұры, басымыздың тәжі болған Пайғамбарымыздың (с.а.у) өмірі мен ғибратқа толы оқиғалары насихатталды. Сондай-ақ, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у) өмірінен 30 сұрақ қойылып, дұрыс тапқандарға арнайы әзірленген 30 сыйлық берілді.

Шара соңынан Қалижан ұстаз Заңқоев «Дін мен Дәстүр» аясында есімі мен туылған күні екі дүние сардарымен сәйкес келетін «Мұхаммеджан» есімді сәбидің тұсауын кесті.

Рухани кештің  соңына қарай жамағаттың көкейінде жүрген діни сұрақтарға кезек берілді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру