Мектеп оқушылары Малавидегі замандастарына 10 000 дирхам аударды
Дубай әмірлігінің оқушылары Африка құрлығында орналасқан Малави мемлекетіндегі замандастарына арнап 10 000 дирхам қаражат жинаған көрінеді. Атап айтқанда, Джебель-Али ауданындағы Винчестер мектебінің оқушылары 5 000-ға жуық кітап жинап, жәрмеңке кезінде сатылымға шығарған. Кітаптан түскен 10 240 дирхамды олар енді алыстағы мұқтаж замандастарына аударуды жөн санап отыр.
Бүлдіршіндердің бұл бастамасы өткен жылы Винчестер мектебінің Dubai Cares «Adopt a School» деп аталатын бағдарлама аясында Малави елдімекені мен мектебіне көмек көрсетуге берген уәдесіне орай ұйымдастырылған.
Айта кетейік, Малави мемлекеті Африка құрлығындағы жоқшылық зардабын тартып келе жатқан елдердің бірі. Халқының жартысынан жуығының кедейшілік қамытында.
Дереккөз: Muslim.kz