Мешіт ғимараты құжатын Бас мүфтиге ресми түрде табыстады (ФОТО)

09 маусым 2021 2570 0
Оқу режимі

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде орналасқан «Мұса баба» мешіт ғимараты құжатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына ресми табыстау салтанатты жиыны өтті.

Құлшылық үйін салған кәсіпкер, дін жанашыры Қайрат Мусин мешіт ғимараты құжатын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына табыстады.

Құжатты қабылдап алған ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Кез келген мұсылманның рухани өмірінде мешіттің алар орны ерекше. Өйткені, адам өміріндегі маңызды құлшылықтар мен оқиғалар мешітте өтеді. Құлшылық үйіне келген пенде ерекше сезімге бөленіп, жүрегі тыныштық табады. Мешіт салып, жамағаттың алғысы мен дұғасына кенелген Қайрат Мусин ағамызға Алла разы болсын. Бұл мешіттің халықтың игілігі мен бірлігіне қызмет етіп, рухани орданың біріне айналуын нәсіп еткей» деді.

Игі іс-шара барысында Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жуырда ғана шығарған «Ғибадат тұтқасы» кітабын сыйға тартты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру