Мешіт имамы үйсіз жандарды жуындырып, тамақтандырып келеді

03 шілде 2019 5972 0
Оқу режимі

Түркияның Стамбул қаласындағы Селиме хатун мешіті бұл күнде шаһардағы үйсіз жандардың сүйікті мекеніне айналған. 52 жастағы мешіт имамы Усман Гекремнің бастамасымен құлшылық ордасы күніне ондаған жанға баспана болып келеді. Бұл жерде үйсіз жандарға душ қабылдап, ыстық тамақ ішіп, жайлы төсекте түнеп шығуларына жағдай жасалған.

«Алғашында бізге күніне 3-5 адам келіп, күнделікті душқа түсіп кететін. Ал, қазір күніне 50-ден астам адам жуынып қайтуға келеді. Тіпті, қаланың алыс аудандарынан осында келеді», – дейді мешіт имамы.

«Мен үнемі олардың қайда жуынып, қайда тамақтанатыны туралы ойлайтынмын. Өздеріне керекті заттарды қайдан сатып алатынын туралы. Өйткені, оларды көбіне ешкім керек етпейді ғой. Ақшасы болмағандықтан емес, үстеріндегі жағымсыз иіс пен лас киімдері үшін оларды шаштараз мен моншаға да кіргізбейді».

Селиме хатун мешітінің бүгінде осындай жандарға арналған киім қоймасы да қалыптасып үлгерген. Ал, Усман Гекремнің өзі болса, қолы бос кездерде үйсіз жандардың шашын қиып беретін көрінеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру