Мешіт қызметкері полиция басқармасында өткен ақпараттық кешке қатысты (ФОТО)

22 сәуір 2022 4358 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл аудандық полициясы басқармасында агрессор ер азаматтармен ақпараттық танымдық кеш болып өтті. Кездесуге ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің қызметкері Қасымов Бердімұрат Сайынұлы, белгілі отбасылық психолог Ержан Мырзабаевтар қатысып, көпшілікке ақпараттық насихат жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар туралы айтылды. Сондай-ақ, Бердімұрат Сайынұлы жиналғандарға Отбасылық құндылықтар мен бала тәрбиесіндегі әкенің ролі, ері мен зайыбының дұрыс қарым-қатынас құру жайында шариғи кеңестер беріп, азаматтардың түрлі сұрақтарына жауап қайтарды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру