МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ ҒАРЫШКЕРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

17 маусым 2023 1782 0
Оқу режимі

Бүгін Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының шәкірттері «Қазақстан Ғарыш Сапары» орталығының басшысы, ғарышкер Айдын Айымбетовтың орынбасары, ғарыш саласында бірнеше компанияның бақылаушысы, көптеген жобалардың жетекшісі Рустам Абдрахмановпен кездесті. Арнайы шақырылған қонақ ғарыш әлемі туралы қызықты ақпараттармен бөлісіп, балалардың сұрақтарына жауап берді. Сұхбат форматында өткен кездесуде Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов ғарышкерге алғыс білдіріп, еңбегіне табыс тіледі.

Жиын барысында балаларға ғарыш әлемі турлы бейнероликтер көрсетіліп, глобус, телескоп құрылғылары таныстырылды. Сондай-ақ, шәкірттер мешіт ұстаздарының  жер шары, аспан әлемі туралы қойған сұрақтарына таласа жауап берді. Мешіт  ұстазы, азаншы Қайнар Базарқанұлы ғарыш туралы айтылған Құран аяттарын оқып, жиынды тәмамдады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру