МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ АТЫНАН НӘПІЛ ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛДЫ (ФОТО)

15 наурыз 2023 2126 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «AQ MESHIT» мешітінің ұйымдастыруымен ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың атынан екі ірі қара мал құрбандыққа шалынды. Мешіт жамағатының қолдауымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасының шарапаты тұрмысы төмен 51 отбасыға тиіп, құрбандық еті үлестірілді. Сондай-ақ, етпен бірге жеміс-жидек себеттері қоса таратылды. Қайырымдылық шарасына жалпы сомасы 1 200 000 теңге жиналып, толығымен мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлауға жұмсалған.

Шара барысында «AQ MESHIT» мешітінің бас имамы Дәурен Мүслимов Пайғамбар (с.ғ.с.) сүйіспеншілігінің мұсылмандар үшін маңызына тоқталып, бір-біріне қарайласу әрі сүннет, әрі дініміздің басты құндылығы екеніне назар аудартты.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру