Мешітті мекендеп келген мысық қайтыс болды

10 қараша 2020 6697 0
Оқу режимі

Түркия еліндегі атақты Айя-София мешітін туғалы бері мекендеп келе жатқан атақты түрік мысығы қайтыс болды. Бұл туралы Стамбул губернатор Әли Ерликайдың өзі арнайы хабарлап, мәлімдеме таратты.

Айта кетейік, Гли есімді мысық дәл осы Айя-София мешітінде көзін ашып, 16 жыл ғұмырын құлшылық ордасында өткізген екен. Осыдан біршама уақыт бұрын, тіпті оған арнайы жеке бөлме де берілген болатын. Ал, қыркүйек айында ауырып қалғанына байланысты жергілікті емханалардың біріне жатқызылған екен.

Мешітке келушілердің махаббаты мен сүйіспеншілігіне бөленіп өскен Глидың инстаграм желісінде өз парақшасы да болған. Айя-София мешітіндегі гид қызметкері жүргізетін парақшаның оқырмандар саны 100 000 асып жығылған.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру