Мүфти Бибарсов жайында жаңа мәліметтер пайда болды

08 маусым 2020 4869 0
Оқу режимі

Ресейдің Саратов облысы бойынша мүфтиі Мукаддас Бибарсов жақында коронавирус індетін жұқтырды деген анықтама қойылып, қалалық ауруханалардың біріне жатқызылған болатын. Бірер күннен соң дін қызметкерінің денсаулығы жақсарып, қазіргі кезде науқастардың ортақ палатасына ауыстырылғаны белгілі болды. Бұл жайында Бибарсов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

«Реанимация палатасынан жалпы науқастар бөлмесіне ауыстырды. Өмір мен өлімнің Иесі болған Алла Тағалаға сансыз мадақтар болсын!» – деген Мукаддас Бибарсов өз жазбасында дәрігерлер қауымына айрықша алғысын да білідіре кеткен.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру