Мүфтият 26 630 балаға қуаныш сыйлады (ФОТО)
2019 жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да белсенді түрде атсалысып, мешіттер тарапынан қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен биыл 26 630 оқушыға сөмкелер, оқуға қажетті құралдар, мектеп формасы үлестірілді және қаржылай көмек көрсетілді. Ал6 2018 жылы осындай игі шара аясында ҚМДБ 18 986 оқушыға қуаныш сыйлаған болатын.
Республика бойынша, барлық мешіттерде қайырымдылық шарасы тамыз айының 11-30 күндері өтті. Атап айтқанда, Түркістан облысы 3502, Талдықорған қаласы 1500, Қызылорда облысы 1472, Нұр-Сұлтан қаласы 1154, Шымкент қаласы 1100, Алматы қаласы 1000 балаға мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын үлестірді. Басқа да облыстар осы бастамаға сүбелі үлес қосты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай сауапты жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра бермек.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі