«MUFTIYAT» БАСПАСЫНАН БІРНЕШЕ КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

23 желтоқсан 2023 1221 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылды қорытындылауға арналған Төралқа мәжілісінде төрт кітап пен бір журналдың тұсаукесер рәсімі өтті.

Сиясы кеппеген еңбектердің тұсаукесер рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Осыған дейін «MUFTIYAT» баспасы 144 мыңнан астам данамен халқымызға қажетті еңбектерді оқырманға жеткізіп үлгерді. Осы ретте баспаның шығармашылық ұжымына, авторларына айрықша алғыс білдіремін. Алла разы болсын!» деді.

Діни басқарманың төл баспасынан ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының «Дін – ізгілік бастауы» кітабы мен Нұр-Мүбарак университетінің баспасынан «Ислам дағуатының негіздері мен әдістері» кітабы жарық көрді. Сондай-ақ «Жұма уағызы» уағыз-насихаттар жинағы, «Ерекше есімдер» көркем есімдер топтастырылған анықтама сөздігі, сондай-ақ «Ислам және ізгі қоғам» жылына орай осы атаумен арнайы журнал көпшілікке жол тартты. Жаңа туындыларды «MUFTIYAT» баспасының директоры Мұрат Манапұлы таныстырып, кітаптар жөнінде толығырақ ақпарат берді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру